Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.12 EUR 409.67
RUB 5.33 CNY 52.34
Жаңалықтар

Павлодарда боранда адасып кеткен екі мұғалім мен оқушы табылды

2018 жылғы 13 қаңтар 02:31 1693
Бөлісіңіз:
Павлодарда боранда адасып кеткен екі мұғалім мен оқушы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында қатты боран кезінде мектептен шыққан екі мұғалім мен 4-сынып оқушысы адасып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қапалда туристерге тап берген күдіктілер ұсталды - әкімдік Қапалда туристердің соққыға жығылуына қатысты әкімдік пікір білдірді

Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ермек Машрықовтың айтуынша, 11-қаңтарда соққан қатты боранда кезінде Жалаулы ауылы мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен 4-сынып оқушысы білім ордасынан шығып, ауыл ішінде адасып кеткен.

«Бұрын «үйден шығып адасып кетті» дегенде сенбейтін едік, енді міне, кеше көзіміз жетті. Айнала ақ түтікке оранып, түк көрінбей кетті.  Жалаулы ауылының әкімі Азамат Медетовпен бірге арнайы топ құрылып, адасқандарды екі сағаттың ішінде аман-есен таптық. Бала да, ұстаздар да дін аман», - дейді Ермек Машрықов.

Айта кетейік, кеше Ақтоғай ауданының тас жолдарында қар құрсауында 81 адамы бар 23 көлік қалған.

«Төтенше жағдайлар бөлімінің 17 техникасы боран кезінде 18 көлікті алып шықты. Жолаушылар Әуелбек, Жаңабет, Мүткенов, Ақтоғай ауылдарының жылыту пунктеріне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Жолда қарға батып қалған бес ауыр техника кейін шығарылады», - деді Ермек Машрықов. 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат