Павлодарда Бөгенбай батыр туралы роман таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ПМУ қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры Серік Елікбайдың «Қанжығалы Бөгенбай» тарихи романының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Серік Елікбаевтың айтуынша, аталмыш туынды - Ертіс өңіріндегі тарихи тақырыпқа арналған романдардың бірі.

«Бұл қазақ батыры, қолбасшы Қанжығалы Бөгенбайдың өмірі мен ерлігіне арналған. Батырдың басқа кейіпкерден ерекшелігі сол, Бөгенбай батыр «ақ сүйектердің» өкілі емес, халықтан шыққан қарапайым азамат», - дейді роман авторы.

Профессор кітапты жазу барысында түрлі тарихи дереккөздерге жүгінген. Құнды деректер Санкт-Петербургтегі танымал кунсткамера, украиналық және қытайлық мұрағаттардан табылған.

Кітап 1000 данамен басылып шықты.

Серік Елікбаев алдағы уақытта тағы үш роман жазып, қалың бұқара үшін басып шығармақ.

Соңғы жаңалықтар