Павлодарда блокпостты айналып өтпек болған жүргізуші ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық 35 жастағы азамат Volkswagen Golf көлігіне үш жолаушыны мінгізіп, Семейге өтпек болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алайда блокпостта полицейлер көлікті өткізбей, облыс тұрғындарына төтенше жағдай кезінден аймақ сыртына шығуға тыйым салынғанын түсіндірді. Ер адам бұған көнбей, Шығыс Қазақстан облысы бағытына дала жолымен айналып шыққан. Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстады. Павлодар облысы аумағына кіру және шығу режімін бұзған ер адамға қатысты ҚР Құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен ол бес тәулікке қамауға алынды», - деп мәлімдеді полицияда.

1 сәуірден бастап аймақ периметрі бойынша төрт қосымша блокпост жұмыс істей бастады. Олар облыста коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында орнатылған.

Облыс тұрғындары ТЖ режімін 166 рет бұзған, 35 тәртіп бұзушы ұсталды, 96 адамға айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар