+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Павлодарда биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

2019 жылғы 3 қаңтар 15:00
Бөлісіңіз:
Павлодарда биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде 2019 жылғы алғашқы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Ұл балалар облыстық перинаталдық орталықта туған. Орталықтың бас дәрігері Айман Оспанованың айтуынша, балалар мен ананың жағдайы жақсы.

«Бүгін жоспарлы кесарь тілігі арқылы жүктіліктің 34-ші аптасында ота жасалды, - дейді Айман Оспанова. - Мұндай мерзімде үшем ота арқылы алынады. Жаңа туған сәбилердің салмағы төмен. Шамамен 1,1 кг. Алайда, үшем үшін бұл қалыпты жағдай десе болады. Балақайлардың жағдайы жақсы».

Бас дәрігер үшем дүниеге келген отбасы екі бала тәрбиелеп отырғанын айтады.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні алты сәби дүние есігін ашқан. Оның үшеуі - қыз, үшеуі - ұл бала. Бірінші қаңтар күні туған тоғыз баланың төртеуі қыз бала болса, алтауы - ұл. Перинаталдық орталықтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 4265 әйел босанған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT