Павлодарда бірінші сыныпқа 7 мыңнан астам бала барады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2019 жылға Павлодар қаласының білім беру саласына 18,0 млрд теңге бөлінді. Қала мектептері жаңа оқу жылына толығымен дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы 5 жылда қаржыландыру 43% артты. Қалада апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ. Оқу жылының басына жалпы сомасы 283,0 млн теңгеге 14 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді. Басты мәселелердің бірі – су беру, шатыр, жылу және энергиямен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қоршау, жылыту. 7 мектепті жаңа модификациялы кабинеттермен жарақтандыруға және оқу-тәжірибелік кешеннің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 60,8 млн теңге бөлінді», - делінген қалалық білім беру бөлімінің мәліметінде.

Қала мектептері оқушыларының контингенті өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 мыңнан астам балаға ұлғайып, 43,0 мыңнан астам оқушыны құрады.

Жыл сайын 1-сыныпқа баратын балалардың саны артуда. Биыл 7 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Бұл өткен оқу жылына қарағанда 2 мыңға көп.

Соңғы жаңалықтар