Павлодарда бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай  туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @tipavlo парақшасында тарады.

«Нәресте бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түскен. Ашық бас ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. 

Оқыс жайт «1 Май көшесі, 11» мекенжайында орын алған. 1 жас 4 айдағы ұл бала қонақта болған. 

Соңғы жаңалықтар