Павлодарда бір үйдің үш қызын судан құтқарған полицей марапатталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда бір үйдің үш қызын судан құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауданы ПБ кезекші бөлімінің аға инспекторы Ғалымбек Жұмабаев қол сағатымен марапатталған.

«Полицейге сыйлықты табыс еткен департамент бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров батылдық әрекеті үшін полицейге өз алғысын білдіріп, қызметтік міндеттерін әрі қарай абыроймен атқаруға шақырды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биылғы жылғы шілде айында инспектор Ғалымбек Жұмабаев үш әпкелі-сіңлілі қыздарды Ертіс өзенінің ортасына қарай қатты ағыс суы әкетіп бара жатқан жерінен құтқарып алып қалған болатын. Полицей еш ойланбастан суға бата жаздаған қыздарға қарай малтып, оларға жағаға шығуға көмектесті. Қыздар Аққулы ауылының тұрғындары, 1996, 1999 және 2002 жылы туған әпкелі-сіңлілер.

Соңғы жаңалықтар