Павлодарда бір күнде екі көлікті ұрлағандар ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Көлік айдап кетуге әуесқойларды павлодарлық тәртіп сақшылар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 шілдеде таңертең шамамен сағат онның кезінде Циолковский көшесі бойындағы көлік жөндейтін орыннан 28 жастағы павлодарлық Баянауыл ауданының тұрғынына тиесілі «BMW-320» автомашинасын айдап кеткен. Сол күні кешкі тоғыздар шамасында тағы бір күдікті қала тұрғынына тиесілі «Хонда Цивик» автомашинасын айдап кеткен.
Күдіктілер ұсталып, автомашиналар иелеріне техникалық жарамды күйде қайтарылды.
Осы оқиғалар бойынша қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда шықпау – бұлтартпау шарасы қолданылды.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыста 46 көлік ұрлығы тіркелген
- Карантин: Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді
- Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды
- Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды
- 2020 жылы Қазақстанда 77 мың көлік шығарылды
-
Семейде автобус жүргізушісі есірткі қабылдап рульге отырған
-
Түркістан облысында алаяқтық жасап 80 млн теңге алған әйел ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам