Павлодарда беймәлім заттан уланған алтыншы адам қайтыс болды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген тағы бір пациент өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең Ертіс аудандық ауруханасында тағы бір пациент қайтыс болды. Екінші сырқаттың жағдайы ауыр», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, белгісіз заттан уланып қайтыс болғандардың денесінен зорлық-зомбылық, күш көрсету белгілері байқалмаған.

«Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», - дейді аталған мекемеден.

Айта кетейік, белгісіз заттан уланғандардың барлығы - ер адамдар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі қайтыс болды.

Ол туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратты.

«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді» - деген еді аталған ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар