Павлодарда белгісіз біреулер банк ішіндегі банкоматты жарып жіберді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында полиция қызметкерлері банкоматты жарып жіберген күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«27 ақпан күні сағат 22.33-те Ақсу қалалық полиция бөлімінің кезекшісіне «Еуразиялық Банк» АҚ-ның күзет қызметшісінен хабарлама түскен. Ол қаладағы банк филиалдарының бірінде банкоматты жарып жібергенін айтқан. Зардап шеккендер жоқ. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қоршауға алды. ҚР ҚК-нің 202- бабы 2-бөлігі («Өзгенің мүлкін өртеу, жару немесе өзге де қауіпті әдіспен қасақана жою немесе зақым келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ақпаратта.







Соңғы жаңалықтар