+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйелге қылмыстық іс қозғалды

2020 жылғы 27 қараша 11:45
Бөлісіңіз:
Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйелге қылмыстық іс қозғалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында баласын далада қалдырған ана ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда таныс қызын үйіне шақырған жігіт 1 млн теңге тұратын дүниесінен айырылды Жамбыл облысында боранда 800 қойымен бірге адасып кеткен шопан құтқарылды Жетісайда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында баласының өмірін қатерге тіккен 33 жастағы ана ұсталды.

26 қараша сағат 20.40-та полицияға Павлодар қаласындағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық азиат типтес бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көзбен шолып қарау кезінде балада көзге көрінетін дене жарақаты болған жоқ. Дереу бала туралы бағдар жасалып, аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды.

Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көрген адамдар сұралды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары қыс мезгілінде үлкен жұмыс атқарды.

Нәтижесінде учаскелік инспекторлар 32 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Toyota Camry» автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, ол «InDriver» мобильді қосымшасы арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады.

26 қарашада ол Семейден Павлодар қаласына баласы бар әйелді әкеліп, автовокзалға қалдырған. Екі сағаттан астам уақыт аралығында күдікті әйел ұсталды.

«Оқиға бойынша ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қызметкерлері әйелдің жалғызбасты ана екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі ұлы (9 жас, 1,2 жас) бар екенін анықтады.

Үлкен ұлы әжесімен бірге Екібастұз қаласында тұрады. Соңғы жылдары әйел Тараз қаласында тұрған.

Ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT