Павлодарда балалар шаш үлгісінің байқауы өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда балалардың шаш үлгілерінің байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ойын-сауық орталығында «Cтилистер - 2019» жазғы шығармашылық жобасының «Шаштараз» II туры өтті. Жас шаштараздар кешкілік шараларға, тойға арналған және коктейільді, күнделікті шаш үлгілерін жасады.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты - қызығушылығы бойынша балаларды қамту, жазғы демалыс кезеңінде балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау. Байқауға қаланың 27 жалпы білім білім беру мектебінен 438 оқушы қатысты.

«Шығармашылық топтар қалалық ойын-сауық орталығының сахнасында ұмытылмас және әсерлі шеберлік сабақтар көрсетті. Байқау бағдарламасында команданың 10 сән үлгісі композициясын ұсынған кезде шығармашылығы және ерекшелігі, шаш үлгісін суреттеуі ескерілді. Сәнді шашты көрсету музыкамен сүйемелденді. № 26, 42 мектеп оқушыларының орындауы қызықты болды. Олар сахнада кешкі, үйлену тойының, күнделікті сәнді шаш үлгісін көрсетті», - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.
null

Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын анықталды. Оның ішінде I дәрежелі дипломға № 26 ЖОМ «Стильные штучки» командасы, II дәрежелі дипломға № 42 ЖОМ «Иллюзия реальности», № 21 ЖОМ «Звездные принцессы» командалары, III дәрежелі дипломға № 39, 30, 25 ЖОМ командасы ие болды.
null

«Алтын бұрым» номинациясында № 6 мектеп командасы, «Стильді шаш үлгісі» аталымында № 4 мектеп командасы жеңімпаз атанды. Белсенді қатысқаны үшін № 19, 28, 34, 35 ЖОМ аталып өтті.
null

Соңғы жаңалықтар