+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Павлодарда бала күтуші үй иелерін тонап кетті

2019 жылғы 28 қазан 13:56
Бөлісіңіз:
Павлодарда бала күтуші үй иелерін тонап кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 33 жастағы бала күтуші бір айдан астам уақыт жұмыс істеген отбасының үйінен 1000 доллар мен 500 еуро ұрлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Павлодар қаласының тұрғыны сәбиінің қауіпсіздігі үшін бала күтушіні жеке хабарландырулардан жалдамай, агенттіктердің бірінің қызметіне жүгінген. Онда облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын жалдауға кеңес берілген. Бала бағушы бұл отбасында бір айдан астам уақыт жұмыс істеген. Ата-ананың күтушінің жұмысына көңілі толған. Алайда, күндердің бір күні әйел үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, 1000 АҚШ доллар және 500 еуро көлемінде ақшаны ұрлап кеткен», - деп мәлім етті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Департаменттен хабарлағандай, полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен бала күтушіні қолға түсірді.

«Әйелдің айтуынша, ол ақшаны өз қажеттіліктеріне – несиесін жабу үшін жұмсаған. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді полициядан.

Авторы Антон Гагарин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT