Павлодарда азық-түлік бағасы төмендеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақтандырылуда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру мәселесі басқармамыздың тұрақты бақылауында, - деді ведомствода.
Бағаны тұрақтандыру аясында басқарма Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесіп, ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен, көтерме жеткізушілермен 20 меморандумға қол қойды. Ал қала мен аудан әкімдіктері 2019 жылға облыстың 99 әлеуметтік дүкенімен «Әлеуметтік дүкендердің» жұмыс етуін қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар жасасты. Тұрақтандыру қорынан төмен бағамен өнім босатылуда. Апта сайынғы негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Статистика департаментінің деректері бойынша, 2019 жылдың 3-7 маусым аралығында бірқатар бағалардың төмендеуі тіркелді. - Ақ қауданды қырыққабаттың келісі 175-тен 160 теңгеге (8,6 пайызға), 1-санатты тауық жұмыртқасы 233-тен 230 теңгеге (1,2 пайыз) дейін төмендеген.
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап елдің оңтүстік өңірлерінен келісі 85 теңге болатын бағамен ақ қауданды қырыққабат жеткізу ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Павлодар қаласының әкімдігі «әлеуметтік дүкен» маңдайша жазуымен 5 әлеуметтік павильон орнатты. Тағы 3 павильон орнату сатысында. Сонымен қатар, «Затон» базарында 1 әлеуметтік бөлім және «Караван» базарында 3 бөлім ашылды.
- Ақсуда 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді
- Алматыда мереке күндері азық-түлік арзан бағада сатылады
- Павлодарда 72 отбасы қоныс тойын тойлады
- Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті
-
Сенат төрағасы фермерлік одақтардың басшыларымен кездесті
-
Павлодардағы ЖОО-да Олжас Сүлейменов атындағы жастар орталығы ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам