+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Павлодарда азот диоксидінің мөлшері жоғары - жалған ақпарат

2018 жылғы 16 қаңтар 12:18
Бөлісіңіз:
Павлодарда азот диоксидінің мөлшері жоғары - жалған ақпарат

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Павлодардағы Затон ықшам ауданында азот диоксидінің шамадан тыс артып кеткені туралы хабар таралды. Алайда метеорологтар бүл экология бекетіндегі ақауға байланысты бұрыс шыққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Павлодардың Затон ықшам ауданындағы экология бекеті жұмыс істемейді, ол қазір жөнделіп жатыр. Сондықтан желі арқылы тарап жатқан ақпараттар жалған. Бірақ прибордағы қате ақпарат AirKZ мобильдік қосымшасына тарап кеткен. Қосымша жұрттың бәріне бірдей қолжетімді болғандықтан жария болды», - дейді «Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының қоршаған орта жағдайын бақылау зертханасының бастығы Алла Левина.

Кеше кешке әлеуметтік желіде Павлодардың Затон ықшам ауданындағы экобекеттің ауа сапасын өлшеу құралы азот диоксиді мөлшері шамадан тыс артқанын көрсеткен.

Айта кетейік, азот тотығы, әсіресе азот диоксиді қаладағы атмосфералық ауаны ластайтын негізгі газдардың бірі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дарын Нұрсапар

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT