Павлодарда айыппұл борышы бар жүргізушілерден 7 млн астам теңге өндірілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында полиция «Борышкер» операциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар қаласында 26 наурыз бен 2 сәуір аралығында «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр», - деп хабарлады баспасөзге Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Құқық қорғау органдарында операцияның «нөлдік төзімділік» қағидасын, жолда ереже бұзғаны үшін жазаның қолданылмай қалмауын қамтамасыз етуді және бұзушылардың айыппұлдарды төлеуге жауапкершілікпен қарауы үшін өткізіліп жатқанын атап өтті.

«Павлодар қаласының полициясы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жеті миллионнан астам айыппұл төлетті, жеті көлік арнайы тұраққа қойылды. Мысалы, жүргізушісі 218 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлемеген «ВАЗ» маркалы көлік тоқтатылып, айыппұл төлегенше арнайы тұраққа қойылды», - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрғали Омарбеков.

Павлодар қаласының полиция басқармасы жүргізушілерді әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеуге шақырды.


Авторы Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар