Павлодарда әйелді аяғынан айырған көлік жуу қызметкері қамалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда әйелді көлікпен қабырғаға жанжыған автокөлік жуу орталығының қызметкері уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Павлодарда көлік жуу қызметкерін көлікпен басқан ер адам қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары өткізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Ер адам Павлодар қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, 31 қазан күні Павлодардағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан көлік жуу орталығының ғимаратында мас күйде болған орталық қызметкері көлікті алға жылжытпақ болып, орталықтың тағы бір қызметкерін – 31 жастағы әйелді қабырғаға жанжыған болатын. Салдарынан ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, бір аяғы ампутацияланды.


Соңғы жаңалықтар