+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Павлодарда әйелдер дәретханасын аңдып жүрген ер адам педофиль деген күдікке ілікті

2019 жылғы 14 қазан 21:27
Бөлісіңіз:
Павлодарда әйелдер дәретханасын аңдып жүрген ер адам педофиль деген күдікке ілікті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция сауда үйлерінің сатушыларының шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық ұлан сарбаздары зорлық жасаған күдіктіні ұстады Алматы облысында қарулы топ ұсталды Қостанайда кәсіпкердің ақшасын жымқырған бұзақылар ұсталды

«Мына адамның екі суретіне де мұқият қараңыздар. Ол кеше, 2019 жылғы 12 қазанда «Манақбай» сауда үйіндегі әйелдер дәретханасына жасырынып, айна мен ұялы телефон арқылы әйелдер мен қыздарды аңдып жүрді. Қара киім киген оны Сәтбаев көшесіндегі «Сити Центрдің» (Павлодардағы сауда үйі – ҚазАқпарат) жұмысшылары суретке түсіріп алған. Сол жерде де әйелдер дәретханасын аңдыған. Кейін оның ЦУМ-дағы әйелдер дәретханасында да жүргені анықталды. Жақын арада көргендерден немесе енді көрсе, полицияға хабарлауын не болмаса күзет қызметкерлерімен бірге ұстауын өтінеміз», - деп мәлімдеді балалар ойыншықтарын сататын дүкендердің бірі Instagram парақшасында.

Сатушылардың айтуынша, ер адамның автомобилі де болуы мүмкін, өйткені сатушылар оның рульге отырғанын көрген.

«Оның бостандықта жүргені өте қауіпті. Жанашыр жандардан оны іздеп табуға көмектесуді сұраймыз. Оның ерекше белгілері: бойы шамамен 175-180 сантиметр. Түрі – азиат, метиске келіңкірейді; көзінің қиығы қарапайым, дене бітімі орташа, қарны шығыңқыраған; сырттай қарағанда күдік тудырмайды, өйткені таза, тәуір киінген», - дейді сатушылар.


Полиция осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Қазір осы дерекке қатысы бар тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Авторы: Антон Гагарин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT