Павлодарда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ломов көшесінде орын алған оқыс жағдай түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды, жеп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Тимофей Голевтің айтуынша, № 1 қалалық аурухананың жанында болған жол апаты кеше сағат 17.05-те тіркелген. Оқыс оқиға рельсте болғандықтан, вагон 25 минуттай тұрып, 17.30-да қозғалыс қалыпқа келтірілген.

«Автомобиль жаяу жүргіншіні қағып өтіп, трамвай рельсіне шығып кеткен. Бірақ вагонға соғылмаған», - дейді Тимофей Голев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 34 жастағы келіншек зардап шеккен.  Сағат 17.06-да түскен шақырту бойынша 17.12-де жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Оқиға орын алған жерден оң жақ жіліншігі сынған және сол жақ білегі жарақаттанды деген диагнозбен әйел адам облыстық клиникалық аурухананың шұғыл травматология бөліміне жатқызылған.

Соңғы жаңалықтар