Павлодарда автокөлік жанып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Бүгін Павлодар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 11-26-да Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.
- Автокөлік тұрағында 1998 жылы шыққан «Mitsubishi Galant» 14 көлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, электр сымдары жанған, салонның жалпы ауданы 5 шаршы метр аумағы толығымен өртенген, - дейді департаментте.

Сағат 11-39-да өрт жойылды. Оқиға орнына жеке құрамнан 5 адам және 1 техника шықты.
Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.


Соңғы жаңалықтар