Павлодарда Астана күніне орай Қарақат пен Қыдырәлі ән шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпара - Кеше, 6 шілде күні сағат 12.00-ден бастап 15.00-ге дейін орталық жағажайда Қазақстан эстрада жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақат және ағайынды Жүгінісовтердің қатысуымен Астана күніне арналған мерекелік концерт және «Болашақ қуаты» театрландырылған қойылымы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Астананың салынуы тек Қазақстан үшін емес, әлем үшін де тың серпілік әкелді, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

 «Бүгінгі таңда дүние жүзі тамсанған елордамызда халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өтуде. Астана - әлем лидерлері арасында экономикалық және дипломатиялық диалогтарды өткізетін орталыққа айналды деп нық айтуға болады. Павлодар өңірінде айтулы мереке қарсаңында көптеген шаралар жүзеге асуда. Мәселе, күні кеше Ақсу қаласындағы Евгеньевка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру алаңы ашылды. Бүгін Павлодарда 108 пәтерлі баспана пайдалануға берілді, қаламыздағы жағажайдың ұзындығы төрт шақырымға жетті. Тамаша жағалау. Әрине біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әр шаңыраққа амандық, жемісті жұмыс тілеймін. Мереке құтты болсын!»,-деді өңір басшысы.

 Бұдан соң сахна төріне Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Қарақат пен Қыдырәлі шығып, павлодарлықтарға әннен шашу шашты. Сонымен қатар, орталық алаңда қала тұрғындарына және балаларға арналып «Большой аттракцион»- ойын қалашығы, «Елімнің жүрегі - Астана!» - тілектер стенді, «Менің Астанам!» - Астана қаласының макеті - Астана бойынша кішігірім саяхат, «Жеңісім саған, Астана!» - спорттық - ойын, Арт - бульвар, фотокөрме, «Тебе, моя столица, творчество дарю!» - музыкалық - ақын, бард өнерлері, «Ару қала- Астана» - әуе шарларының фестивалі, «Туған күніңмен - Астана» - мерекелік торт (әр қалаған адам үлкен тортты гүлдермен безендіре алады), жұлдызбен фотоға түсу - тантамареска зоналары ұйымдастырылды.

 Айта кетейік, жалпы, Павлодар қаласында 5-9 шілде күндері аралығында Астана күніне арналып 40-тан аса мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.  

Соңғы жаңалықтар