Павлодарда әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ол № 5512 әскери бөлімінен кеше сағат 6:30 шамасында кетіп қалған болатын, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.

- Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді, - деді ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында. -Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір сағат 06:30 шамасында әскери бөлімнен өз еркімен кеткен болатын.

«VITA» іздеу жасағының еріктілері мен Павлодар облысының әскери-тергеу органдары сарбазды бірге іздеген болатын.


Соңғы жаңалықтар