Павлодарда ашуланған әйел күйеуінің көлігін есептен шығарып тастаған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жалған нөмірмен жүрген Павлодар тұрғыны жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар көшелерінде қоғамдық тәртіпті және жол ережесін сақтау мониторингі кезінде бейнебақылау инспекторы қала бойынша жалған нөмірмен жүрген, бірақ тіркеу есебінде жок «Инфинити» автокөлігін анықтады.

Көлік туралы бүкіл ақпаратты дереу инспектор жақын маңдағы полиция патруліне берді, олар жүргізушіні тоқтатты.

Полицейлерден көлігінің тіркеу есебінен шығарылғанын, ал мемлекеттік нөмірдің жалған екенін білген 36 жастағы павлодарлық таң қалды.

Кейін көліктің иесі оның әйелі екені белгілі болды.

Дегенмен қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар ажырасу үстінде және күйеуіне ашуланған әйелі бұл туралы ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарған.

«Бұл жүргізушіні жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы айыптұраққа қойылды» деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар