Павлодарда асфальт астынан субұрқақ атқылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жол шетінде асфальттың астынан шыққан су фонтан болып атқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сумен қамту ұйымы өкілдерінің айтуынша, қазір жерде гидравликалық сынақтар жүріп жатыр.

«Бұл төтенше жағдай да емес, кейбір қалалықтар интернетте жазғандай қайнаған су да емес. Судың сынақ кезіндегі температурасы 40 градус болды. Қазір судың атқылауы тоқтатылған, келтірілген зақымның ауқымы есептеліп жатыр», - дейді «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз хатшысы Олеся Емельянова.

Тұрғындар әлеуметтік желіде осы оқиғаны қызу талқылап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар