Павлодарда армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке мемориалдық тақта ашылды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің аумағында Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, №1 Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 99 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шараға облыс әкімдігінің өкілдері, Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай, Қарулы күштердің ардагерлері, Павлодар гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.


– Өскелең ұрпақ және қазіргі әскери қызметшілер үшін де армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов – Отанына адал, жанқиярлықпен қызмет еткен тұлға. Келер жылы еліміз батырдың жүз жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінгі оқиға да қазақтың қаһарман ұлын ұлықтауға арналған маңызды күн болып отыр, – деп атап өтті Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмасбек Бұхарбаев.

Батырдың мүсіні Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен орнатылғанын атап өткен жөн.

Жиын соңында «Сағадат» әні шырқалып, Павлодар гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты маршпен жүріп өтті.


Соңғы жаңалықтар