+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Павлодарда анасы аяусыз сабаған үш жасар қызды жетімдер үйінен әкесі алып кетті

2016 жылғы 28 қазан 18:40
Бөлісіңіз:
Павлодарда анасы аяусыз сабаған үш жасар қызды жетімдер үйінен әкесі алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анасына қатысты сот тергеуі жүріп жатқан уақытта әкесі қызды үйіне алып кетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Еске салсақ, Instagram әлеуметтік желісінде анасы үш жасар қызын ұрып жатқан видео шықты, оған құқық қорғау органдары, Павлодар облысының білім басқармасының басшысы бірден ден қойды. Кейін анықталғандай, 32 жастағы әйелдің екі қызы бар екен. Үлкені 2-сыныпта оқиды. Әке-шешесінің некесі тіркелмеген. Бірақ отбасы балаларға барлық қажетті жағдаймен абаттандырылған үш бөлмелі пәтерде тұрып жатқан.

Қызын ұрған әйелге қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Видео сейсенбі жарияланды. Бүгін әкесі қызын жетімдер үйінен алып кетті. Бірінші некеден туған үлкен қызы нағашы әжесінің қолында. «Қамқорлық кеңесі әкесі қызын алып кету үшін оң шешім шығарды. Әдетте комиссия тұрғын үй актісін, учаскелік қызметкердің мінездемесін, жұмыс орнынан анықтама, басқа да құжаттарды қарайды. Іс ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу шешімін шығару үшін сотқа берілді», - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Е. Дәуренов. Қыздың анасы баласын аяусыз ұрғаны үшін кешірім сұраған тағы бір видео жазған көрінеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT