Павлодарда анасы 7 жылдан кейін ұлын Ресейден қайтарып алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында көші-қон процесіне байланысты бірнеше оқиға сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 қыркүйекте Шарипа Сәлімханова Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Ахметовке өтініш жасап, Ресей Федерациясында жазасын өтеу орнынан босатылған және құжаты болмаған ұлын қайтаруға көмектесуін сұраған.

Шарипа Сәлімханова ұлын 12 жыл бұрын іздей бастаған. Жас жігіт үйінен кетіп қалып, болмашы жұмыстар істеген. 2012 жылы қылмыс жасап, Ресей Федерациясына қашып кеткен. Содан бері одан хабар болмаған.

Осы жылдар ішінде анасы ұлын іздеп, сұрастыра бастайды. Шекара қызметіне, ҰҚК департаментіне, полиция бөлімшелеріне барған. Тек жеті жыл өткеннен кейін ұлының Барнауылда қабылдау-бөлуші бөлімінде жатқанын естіген, деп атап өтті полицейлер.

«Ол ұлын тапқаннан кейін қайтару мәселесін шеше алмаған. Жантастың (ұлының есімі) құжаты да, жеке куәлігі де болмаған. Шарипа Сәлімханова консулдықпен байланыса алмаған, себебі қабылдау-бөлуші бөлімінің қызметкерлері реадмиссия туралы келісімге сәйкес, оған 180 күн бұрын айтқан. Полиция подполковнигі Ахметов әйелдің өтінішін тыңдап, бұл мәселені шешу оның құзыретінде еместігін, алайда Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығымен байланысып, ұлын қайтаруға ықпал етіп көретінін айтқан», - деді құқық қорғау органынан.

Консул Тәуекел Сәкен Жолдасұлы осы мәселені екі аптаның ішінде шешіп, Жантасқа оны отанына қайтару туралы куәлікті табыс еткен. 17 қазанда 30 жастағы «адасқан ұл» өз Отанына оралды, деп хабарлады полицейлер.

«Қазбек Ахметов анасы мен ұлын қиын жағдайда қалдырмай, жеке куәлігін қалпына келтіруге ықпал еткен. 30 қазанда Сәлімханов Жантас жаңа құжат алды», - деп түсіндірді полиция департаментінде.

Полицейлердің айтуынша, көші-қон мәселесіне қатысты мұндай оқиғалар күн сайын болып жатыр.

«Үлкені 18 жасқа толған төрт баланың анасы Күдебеева Роза Серікбайқызы қиын жағдайға ұшыраған. Пәтерін сатар кезде тіркеу есебінен шығарылып, тіркеуге қояр кезде үлкен ұлы Темірлан басқа қалаға Олимпиадаға кеткен. Осыған байланысты оны уақытылы есепке қою мүмкін болмаған. Павлодарда бұл отбасының тұрақты мекенжайы жоқ, пәтер жалдап тұрады. ХҚО-ға барған кезде оған тіркеуге уақытылы тұрмағаны үшін айыппұл салған», - деп тағы бір мысал келтірді полиция департаментінде.

Көші-қон қызметі басқармасының басшылығы жағдайды ескеріп, бұл мәселені әкімшілік жазаға тартпастан шешіп берген.

Өзбекстанның бұрынғы азаматы Хамит Хамитбеков те өз алғысын білдірді. Ол 1980 жылы туған, 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматтығын бастапқыда сотталғаны үшін, кейін 2017 жылы оралман мәртебесі мерзімінің өтіп кеткені үшін ала алмаған.

«Көші-қон қызметі этникалық қазақтардың азаматтық алуы туралы Үкіметтің тапсырмасын орындау аясында Хамит Хамитбековті көші-қон қызметіне шақырып, оған елде оралман мәртебесімен азаматтық алу бойынша жүргізіліп жатқан науқан туралы түсіндірді. Қазір ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алды», - деп түйіндеді полицейлер.

Автор:

Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар