Павлодарда алюминий зауытының жұмысшысы қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы алюминий зауыты аумағында қаза тапқан жұмысшының артында әйелі мен екі ер жетіп қалған баласы қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол 1959 жылғы. Менің білуімше, кәмелеттік жасқа толған, отбасылы екі баласы бар. Одан өзге кішкентай балалары жоқ», - деді Павлодар облысы Еңбек басқармасы бөлімінің басшысы Абылай Сабыров.

А.Сабыровтың айтуынша, қазір қайғылы жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы шыққан соң материалдар шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Бөлім басшысының айтуынша, жұмысшы «Алюминий Қазақстан» АҚ аумағында құбыр төсеу жұмыстарымен айналысқан «Айсу-Мелиорация» ЖШС-нда істеген. Аталмыш компания жерлеуге қажетті 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде шығынды және отбасына көмекке қажетті шығынды өз мойнына алуға әзір.

«2019 жылы 12 мамырда «Алюминий Қазақстан» АҚ аумағында мердігер ұйымның жұмысшысы қаза тапты. Қалдық құбырын монтаждау кезінде зардап шегушінің үстіне құбыр құлаған», - деді Павлодар облысы Еңбек басқармасы бөлімінің басшысы.

«Оны ауруханаға жеткізгенімен, көп ұзамай көз жұмды», - деді А.Сабыров.

Соңғы жаңалықтар