Павлодарда алты жасар бала көлік астына түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда алты жасар бала жол көлік оқиғасынан зардап шекті.  Оқыс оқиға Саяжай шағынауданында 20 мамыр күні сағат 17:50-де болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Алты жасар бала Кутузов көшесіндегі жолды тиісті емес жермен жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте 58 жастағы ер адам тізгіндеген УАЗ маркалы автөкөлік оны қағып кетті. Бала көлік жүретін бөлікке шыққанда жүргізуші машинасын тежеп үлгермеген.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

 Қазіргі кезде баланың жарақаты орташа дәрежеде деп бағалануда. «Баланың жағдайы оңалып келеді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. - Балақай ауруханада әжесімен бірге жатыр. Бүгінде баланың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ».

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар