Павлодарда әлемдік сұранысқа ие жобаларды іске асыратын адамдар тұрады - Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде шағын және орта бизнеске кешенді қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіптік әлеуетті нығайтумен қатар, шағын және орта бизнеске кешенді қолдау көрсету қажет. Өңірде республикалық және тіпті әлемдік деңгейде сұранысқа ие жобаларды іске асыруға қабілетті көптеген іскер адамдар тұрады және жұмыс істейді. Тек осылай ғана өңірлік экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге және облыстың барлық тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге болады деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар-Ертіс өңіріне Қазақстанның экономикалық прогресінде ерекше рөл берілетінін айтқан еді.


Фото : t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар