Павлодарда «Әлем Барысы» көрермендері бір көліктің орнына екі көлік алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда «Әлем барысы» көрермендері бір көліктің орнына екі көлік алды.

«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің көрермендері арасында ұтыс билетке қатысты даулы мәселеге нүкте қойылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz «Қазақстан Барысы» спорт лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Барысы» қазақша күресті дамыту қоры лотерея жеңімпаздарына бірден екі көлік сыйлады.

Еске салсақ, 25 қазанда Павлодарда «Әлем Барысы» халықаралық турнирі өтті, онда қазақша күрес бәсекесінің дәстүрі бойынша көрермендер арасында көлікке ұтыс ойыны ұйымдастырылды.

Ұтыс кезінде күтпеген жағдай орын алды: типографияның қателігінен ұтыс билетінің иегерлері екі адам болып шықты. Турнирді ұйымдастырушылар баспаның қатесі үшін бақытты көрермендердің бірін ренжітуге жол бере алмайтындарын мәлімдеді. Сөйтіп, екі павлодарлық екі көліктің кілтін алды. Nissan Almera маркалы автомобильдің иегерлері - Ғаділжан Кәрімов пен Әсемгүл Мусина.

Соңғы жаңалықтар