Павлодарда ағаштар ПИК-тің жазбаша келісімімен ғана кесіледі

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда ағаштарды кесу кестесіне ПИК-пен келісілген аулалар ғана кіреді. Өтінімдер бұрынғыдай 109 бірыңғай Call-орталығы арқылы қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласының әкімі өзінің Instagram-аккаунтында қала тұрғындарынан ағаштарды кесу, белгілерді орнату, жасанды жолды монтаждау, спорт алаңдарын жайластыру мәселелері бойынша өтініштер саны артып келе жатқанын атап өтті. Дегенмен қала әкімдігі облыс орталығының кейбір тұрғындарының өтініштерін орындағанмен, басқалардан теріс пікір естуде.
– «Ауладағы ағаштарды кесіп тастаңыздар, әйнектерге соғып тұрады. Ұйықтау мүмкін емес, күн сәулесі түспейді, терезеден балалар көрінбейді немесе бағдаршам, жаяу жүргіншілер өткелін, ит жүретін алаң орнатыңыздар. Бұған қанша төзуге болады?», деген шағымдар түседі. Алайда біз оларды елеусіз қалдырмаймыз. Бірақ осы мәселелердің бір бөлігін шешу барысында 10.000 «неге ағаштарды кесіп тастадыңыздар?! Күннің көзі терезелерге түседі, көлеңкесіз қаламыз. Ал жүргізушілер /жаяу жүргіншілер / адамдар, үй жануарлары туралы ойладыңыз ба?! Әрине, сіз жаяу жүрмейсіз / қоғамдық көлікті пайдаланбайсыз / көлікті өзіңіз жүргізбейсіз, сізде ит жоқ» және т.б түрлі пікірлер айтылады, – деп жазды Асайын Байханов.

Қала басшысының сөзіне қарағанда, шағын алаңдарды салуға да қарсылық білдіретіндер бар.
- Едіге Би көшесіндегі (81, 83, 85) аулалардың жүзге жуық тұрғынының ұжымдық өтініші бойынша ТКШ бөлімі абаттандырудың жобалау-сметалық құжаттамасын жасады, мәслихат қаржыландыруды бекітті (мұның бәрі бір жылдан астам уақыт алды), ал жөндеу жұмыстары басталған кезде аталған үйлердің тұрғындарының көпшілігі қарсы болып, өзгерістерді тоқтату туралы өтінішке қол қойды, - деді Павлодар қаласының әкімі.

Енді ТКШ бөлімі ағаштарды кесу бойынша жұмыс кестесіне ПИК-тің, үйдің осінің немесе ЖМ-нің жазбаша келісімі бар мекенжайларды ғана қамтитын болады. Жеке секторға келетін болсақ, мұнда көшелердің тұрғындарымен келісіледі.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында 30 мың ағаш пен бұтаны, сондай-ақ мыңдаған апатты және қураған ағаштарды санитарлық кесу жоспарланып отыр. Үш мердігер ұйым жұмыс істейді. Ағаштарды кесу шарасына экологтар мен дендрологтар қатысады.


Соңғы жаңалықтар