+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Павлодарда адам өлтіргені үшін сотталған ер адам қарттарға шәрке тігіп берді

2020 жылғы 10 наурыз 07:46
Бөлісіңіз:
Павлодарда адам өлтіргені үшін сотталған ер адам қарттарға шәрке тігіп берді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Адам өлтіргені үшін 2014 жылдан бері түрмеде отырған 40 жастағы ер адам қарттарға арнап 30 жұп үй шәркесін тікті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Халықаралық Әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген ер адам Павлодар қаласы қарттар үйінің қарияларына 30 жұп үй шәркесін тікті», - деп хабарлады Павлодар облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінен.

Алексей адам өлтіргені үшін жазасын 2014 жылдан бері өтеп жүр. Оған түрмеде отыруға тағы екі жыл қалды.

«Осында жүріп, көп нәрсе ұқтым, өзіме түйін жасап, өзгердім. Бостандықты, жақындарыңның қасында болғанын бағалай білу керек екенін түсіне білдім. Бұл шәркелерді жылуға мұқтаж жандарға әдейілеп тіктім. Газеттен 2020 жыл – Еріктілер жылы екенін оқыдым. Түрмеде отырғаныма қарамастан, көпшілікке бір пайдамды тигізгім келді», - деп ой бөлісті Алексей.

Сотталушының сыйлығы Павлодар облыстық қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанындағы паллиативтік көмек бөліміне жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT