Павлодарда адам қағып, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері жол апаты болған жерден бой тасалаған автокөлік жүргізушісін оқиғаның ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«2019 жылы 16 маусымда жол-көлік оқиғасы орын алды. Жаңбырлы күндердің бірінде түнгі сағат үш шамасында жүргізуші 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған. Ер адам көптеген жарақаттармен Павлодар қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қысқа мерзімде «Hyundai Accent» маркалы автокөлігі мен 38 жастағы жүргізуші ұсталды»,- дейді департаментте.

Оқиға орнынан бой тасалаған Павлодар қаласының тұрғыны өзінің әрекетін қорқып қалғандығымен түсіндірген. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар