Павлодарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада сағат 07.20-да Солтүстік өнеркәсіп аймағының «Инженерия орталығы» аялдамасының жанында «Фольксваген Гольф» көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 62 жастағы ер адамды қағып кеткен.

- Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, оған «түрлі дене жарақаттары» диагнозы қойылды, - деді баспасөз қызметінде.

Қағып кеткен көлікті анықтау үшін полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. «Ұстау» жоспарын енгізіп, күдікті көлік жүргізушісін ұстады.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар