Павлодарда 9, 11 мамырда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жәрмеңке Естай көшесі бойында орналасқан «Квазар» сауда үйіне қарама-қарсы алаңда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкеге Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

«Басты мақсат - бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу, делдалсыз тікелей сауда ұйымдастыру. Тұрғындарды әдеттегідей əлеуметтік бағамен тауар өндірушілердің балғын өнімдері күтеді», - делінген хабарламада.

9 мамыр күні мерекелік және 11 мамыр сенбі күні әдеттегі дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар