Павлодарда 83 жастағы зейнеткер балаларға насыбай сатып келген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар тұрғыны ас бөлмесінің терезесі арқылы балаларға насыбай сатып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы Камзин көшесі, 164-үйдің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырды.

«Олардың айтуынша, сол үйдің бірінші қабатында тұратын әйел балаларға насыбай сатады екен. Бұл мәліметті тексерген полицейлер аталмыш әйелдің үйіне қонаққа барып, 83 жастағы зейнеткердің шынымен де осылай заңсыз сауда жасап келгенін анықтады» делінген хабарламада.

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Материал сотқа жолданды.

«Бұл бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, зейнеткермен арнайы әңгіме жүргізіліп, алдағы уақытат мұндай заңсыздыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді», - деп мәлім етті полициядан.

Павлодар облысында жыл басынан бері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша 19 іс сотқа жолданған.


Соңғы жаңалықтар