Павлодарда 70 шақты трамвай вагонының пайдалану мерзімі асып кеткен

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі трамвай жолдарын Екінші Павлодар мен Достық шағынауданына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір басшысының қатысуымен өткен кеңесте трамвай жүйесін жаңғыртудың жол картасы талқыланды.

Жақында Павлодарға жасаған сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көліктің бұл түрін сақтап қалуды тапсырды.

Ол үшін жолдарды, кабельдік және байланыс желілерін, тартқыш қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл облыс орталығында тағы сегіз трамвай өткелі жөнделеді.

Қолда бар 111 вагонның тек 30-ның ғана нормативтік пайдалану мерзімі асқан жоқ, 70-ке жуық трамвай ауыстыруды қажет етеді.

Асайын Байханов жаңа вагондар сатып алу және қаржыландыру көзін таңдау бойынша ұсыныстарды 15 ақпанға дейін беруді тапсырды.

Осы мерзімде жауапты тұлғалар Достық шағынауданы бойында трамвай тармағын салудың орындылығын негіздеуі тиіс.

Облыс әкімі трамвай желісін екінші Павлодарға дейін ұзарту идеясын еске салды.

- Бұл - қала тұрғындарының тілегі, сіздердің міндетіңіз - оларға көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету, - деді өңір басшысы.


Фото:pavlodarnews.kz


Соңғы жаңалықтар