Павлодарда 7 мамыр кезінде әскерилердің кейбір санатына қаржылай көмек көрсетіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 7 мамырда әскери қызметшілердің кейбір санатына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 150 мың теңгелік әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Оны бейбіт уақытта әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары алады», - деді басқармада.
Сонымен қатар, тәжік-ауған секторында ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғауды күшейтуге қатысқан әскери қызметшілер мен Ирактағы бітімгершілік операциясының әскери қызметшілері де алады.
Соңғы жаңалықтар