+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

2021 жылғы 21 маусым 11:20
Бөлісіңіз:
Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жеңіл көлік жүргізіп келе жатқан ер адам жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жастар TikTok-қа видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен Қазақстанда жарты жылда 39 мыңнан астам көлік шығарылды Елордада АҚШ азаматы мас күйде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылды

«20 маусым күні сағат 15:30-да Павлодар қаласындағы Камзин мен Гагарин көшелерінің қиылысында «Саненг» көлігінің 68 жастағы жүргізушісі жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен екі адамды қағып кетті», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншлер ауруханаға жеткізілді. Көлік айыппұл тұрағына кіргізілді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT