Павлодарда 6-қабаттан құлаған қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ - дәрігер

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 5 жасар қыз алтыншы қабаттың терезесінен құлап, оны кездейсоқ жолда кетіп бара жатқан адам құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, қосымша тексерулер, диагностикалық шаралар жүріп жатыр. Оның жанында көмектесетін адамның дер кезінде болуы, уақтылы алғашқы көмек көрсетуі және «жедел жәрдемді» тез арада шақыруы үлкен рөл ойнады», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық балалар ауруханасының ординатор дәрігері Талғат Қасымбеков журналистерге.

Павлодар облыстық балалар ауруханасына бес жасар қыз 20 қазан күні кешкі сағат алтылар шамасында түскен. Оның жабық түрде ми зақымдалып, түрлі дене жарақаттарын алған.

Қазір бүлдіршін травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр. Ол адамдармен сөйлесіп жатыр.

Қайғылы оқиға бір күн бұрын болған. Қыз алтыншы қабаттан құлап, аман қалған. Оны жолда кетіп бара жатқан ер адам құтақрып қалып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен және жедел жәрдем шақырған. Павлодарлық Александр Жұмабаев құлап бара жатқан қызды қолымен қағып алмақшы болған. Бірақ, жүгіріп үлгермеген. Бала бұтаның арасына құлаған.

«Мен қызды ажал құшты деп ойладым. Өзім қорқып кеттім. Барып қарасам, тыныс ала алмай жатыр екен. Оны қозғап едім, демала бастады. Оған жасанды тыныс беру керектігі ойыма оралды», - деп еске алды ол.

Александрдың айтуынша, бала күнінде оған қатты құлағаннан кейін жасанды тыныс берген. Ол қалай жасау керектігін есіне сақтап қалған. Сондықтан, бұл жағдайда оны жасау керектігі жылдам ойына оралып, содан кейін қыз тыныс алып, айқайлаған. 

Соңғы жаңалықтар