+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Павлодарда 6 бала тамақтан уланып қалды

2019 жылғы 10 қазан 22:53
Бөлісіңіз:
Павлодарда  6 бала тамақтан уланып қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласына қарасты Павлодар ауылының мектебіндегі асханада тамақтанған 6 бала уланып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық зейнеткер қарызын өтемегені үшін астаналық фирманың көлігін айдап кеткен Таразда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты Парижде салмағы 364 келі метеорит аукционға қойылды

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің facebook желісіндегі парақшасында жазды. - Бірден айта кетейін, жағдай менің жеке бақылауымда. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады»,- деп жазды Дінислам Болатханұлы.

Қазір оқиға орнында Павлодар білім беру бөлімінің және қоғамдық денсаулықты бақылау органының өкілдері жұмыс жасауда. Жақын арада тексеру нәтижелері дайын болады. Басқарма басшысы балалардың ата-анасынан кешірім сұрады. - Білім ордасындағы оқиға біздің кінәмізден орын алмаса да, жауапкершілікті сезініп, денсаулықтарына қауіп төнген балалардың ата-анасынан үлкен кешірім сұраймын. Қазіргі уақытта бес бала емханада, бір бала үйінде ем қабылдауда. Дәрігерлер балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай екендігін хабарлады. Тағы да атап өтейін, балалардың денсаулығы – ең маңыздысы! Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз»,- деп атап өткен облыстық білім беру басқармасының басшысы.

Дінислам Болатханұлының айтуынша, жағдай анықталуда. Асхананы жалға алушының әрекеті тексеріліп жатыр. Шешім санэпидемиологтардың ресми қорытындысынан кейін шығады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT