Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 28 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Павлодарда 23 сәуірде жылу маусымы аяқталады

2018 жылғы 17 сәуір 08:50 809
Бөлісіңіз:
Павлодарда 23 сәуірде жылу маусымы аяқталады

АСТАНА. Павлодарда жылу беру 23 сәуір күні тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаевтың айтуынша, 2017-2018 жылдардағы жылу маусымы тұрақты режімде өтіп, өзінің аяқталу мерзіміне таяп келеді.

«Жылу маусымы 2017 жылдың 18 қыркүйегінде басталған болатын. Үлкен техникалық апаттар орын алған жоқ. Жергілікті билік органдары ауа райының нормалары мен ережелерін ескере отырып, 23 сәуір күні жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылдады. 21-24 сәуір күндері ауа температурасы жоғарылайды, сол үшін осындай шешімге тоқтадық. Алайда, бұл тек жоспарымыз ғана. Күн күрт суыса, жылу маусымы жалғасады», - дейді Темір Қасқабаев.

Айта кетейік, жылу маусымын аяқтау үшін үш күн бойы тәуліктік ауа райы орташа +8 градус шамасында болу керек.

Еске салайық, былтырғы жылу маусымы тұрғын үйлерде 22 сәуірде, ал білім беру мен денсаулық сақтау нысандарында 29 сәуірде аяқталған.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат