Павлодарда 200-ге жуық үйді су басып жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар бюджетінде қаладағы үйлерді басқан судан сорғытуға арналған вертикалды дренаж жүйесін салуға қаржы қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иа, бюджеттен қазір вертикалды дренажды жүйе үшін арнайы қаржы қарастырылған. Болашақта аталмыш жүйе кәріз коллекторына немесе жақын маңдағы карьерге айналады»,-деді бүгін тілшілерге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Аян Бейсекин.

Екінші Павлодар шағын ауданының тұрғындары қазір қала билігінен төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр. Өйткені облыс орталығының шығыс бөлігінде 200-ге жуық үйді бірнеше аптадан бері жерасты суы алып жатыр. Коммуналдық қызмет өкілдері ұңғыма қазып берген. Бұл ұңғыма суды сорғытып алуға мүкіндік беріп отыр. Енді оларға жер астынан келетін судың дейгейін анықтау үшін оның тағы біреуін қазу керек болып тұр.

Билік өкілдері әзірге тұрғындарға келтірілген шығын үшін өтемақы төлеу-төлемеу жағын айтпай отыр.

Еске салайық, мамыр айының ортасына таман Павлодар қаласының 200-ге жуық үйін су алып кеткен болатын.

Тұрғындардың айтуынша, жағдайдың бұлайша қалыптасуына осыдан 2 жылға жуық уақыт бұрын жер астынан келетін суды сорғытатын насос стансысы жабылып қалғандығы себеп болып отыр. Қала тұрғындарының жертөлелері мен бақшаларын су басып кеткен. Олар өздерінің қаржысына су сорғытатын техникаға тапсырыс беріп, қажетті жерлерге топырақ төгуде.

Зейнеткер Ульяна Рыбакованың айтуынша, соңғы үш жылда су көлемі ерекше артқан. Бұрындары су көтерілгенімен, оның қайтуы да тез болатын, тұрғындар да бақшаларына қажетті өсімдіктерді отырғызып үлгеретін. Биыл соңғы 50 жылда алғаш рет осы шаруашылықпен айналысудың мүмкіндігі болмай отыр.

Соңғы жаңалықтар