Павлодарда 20 үй және бірнеше әлеуметтік нысан сусыз қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында су құбыры жарылды. Қала билігі апатты кешке дейін реттеуге бел буып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құбырдың жарылуына байланысты қала әкімдігі «Павлодар су арнасы», «Павлодар жылу желілері», «Коммунсервис» коммуналдық кәсіпорындарымен бірлесіп, көпқабатты 20 үйге баратын суды үзіп тастады. Ақауды кешке дейін реттеу жоспарланған», - дейді Павлодар әкімінің орынбасары Ермұрат Нұрханов.

Сусыз қалған үйлерге ауызсуды көлікпен тасып жеткізіп жатыр. Е. Нұрхановтың сөзіне қарағанда, апат болған жерде жөндеу жұмыстары жүргізілмегелі біраз болған.

«Апаттың себебін анықтап жатырмыз, барлығын бақылап отырмыз. Кешке дейін сумен қамту жүйесі қалпына келтіріледі деп ойлаймын. Үйлерден тыс, құбыр жарылған жердің үстінде орналасқан балабақша, мектеп, экономика және құқық колледжіне де су беру тоқтатылды. Бірақ жылуды сөндірген жоқпыз», - дейді ол.

Ақауды жөндеуге 30 техника жұмылдырылған.



Автор: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар