Павлодарда 18 млн теңге жымқырған «Қазақстан су жолдары» филиалының директоры сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан су жолдары» кәсіпорнының Павлодар облысындағы филиалының директоры А.З.Сейпышев 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сейпышев тауар-материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша жалған шарттар жасау және оларды одан әрі есептен шығару арқылы 18,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді. Сот үкімімен Сейпышев кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сотталған бұрынғы директор өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар