Павлодарда 11 тоннадан астам есірткі өртелді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының аумағында жойылған есірткінің көлемі - 11 тонна 260 кг-нан асты, құны - 23 миллион теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Айта кету керек, сот үкімі бойынша қылмыстық істер бойынша барлық заттай дәлелдемелер жойылуға тиіс. «Көк шөптің» өзі және оны дайындауға арналған құрылғылар да, - дейді Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.

Комиссия бірқатар қылмыстық істер бойынша қаралып жатқан есірткіні өртеп жіберді.

Биыл ауырлығы әртүрлі дәрежедегі есірткіге байланысты 22 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданған.

Заңсыз айналымнан 24 кг астам есірткі құралы мен психотроптық заттар алынды.

Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы азаматтар 8 (7182) 39-10-38 немесе 102 сенім телефонына хабарлай алады немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдаланған жөн.



Соңғы жаңалықтар