Павлодарда 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласындағы үйдің бірінің кіреберісінде анасы 10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде павлодарлық полицейлер Instagram-нан анасының 10 айлық баланы аяусыз ұрып-соққан бейнежазбаны тапты.

«Бұл факті қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Баланың анасы 32 жастағы әйел екендігі анықталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды», – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция баланы дәрігерлер тексергенін және оның өміріне қауіп төнбейтінін айтты.

Қазіргі уақытта баланы қорғау үшін ауруханаға жатқызылды, ол дәрігерлердің бақылауына алынған.

«Әйелдің 14 және 12 жастағы, 10 айлық кәмелетке толмаған үш бала тәрбиелеп отырғаны анықталды», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы.

Соңғы жаңалықтар