Павлодарда 1 сынып оқушысы «марганцовкадан» уланды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мектебінде 1-сынып оқушысы марганцовкадан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар мектебінде бірінші сынып оқушысы мұғалім қадағалауынсыз қалып, шкафты ашып, калий перманганатын аузына құйған.

Жедел жәрдем келгенге дейін мектеп медбикесі баланың аузын шайғызды. Кәмелетке толмаған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

– Полицейлер анықтағандай, бірнеше күн бұрын сынып тәрбиешісі басқа оқушының қол-аяғын зарарсыздандыру мақсатында медициналық қызметкердің кабинетінен марганцовка алған. Кейін асығыста марганцовканы жұмыс үстелінің шкафына салған, - хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 141-бабына сәйкес, яғни «балалар денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз алмаған туралы» сот алдындағы тексеріс жүріп жатыр.

Сот-медициналық сараптама жасау тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар