Павлодар түрмесіне кәмпит ішіне жасырып, есірткі кіргізбек болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты АП-162/1 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттың кіргізілуіне жол берген жоқ. Бұл жайында аталған департаменттен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, түрмеде жазасын өтеп жатқан адамға әкелінген азық-түлікті тексеріп қарау барысында карамельді кәмпиттің ішіннен түйіншек шыққан. Осыдан кейін Павлодар қалалық полиция басқармасы оңтүстік бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылған. Табылған түйіншек сараптамаға алынған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес кәмпиттен табылған зат психотропты болып шықты. Ерекше сәлемдеме қарақшылық жасап, адам тонаған сотталушыға келген. Кәмпитті алып келген танысы да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп атап өтеді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар